19.06.2017, 11:44 4202

Қ.Көшербаев медицина саласыныӊ еӊ үздік қызметкерлерін марапаттады

17 маусымда Қызылорда қаласында медицина қызметкерлерініӊ күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев денсаулық сақтау саласыныӊ мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардыӊ жоғары жетістіктерін атап өтті.

Қызылорда. 19 маусым. Kazakhstan Today - 17 маусымда Қызылорда қаласында медицина қызметкерлерініӊ күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев денсаулық сақтау саласыныӊ мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардыӊ жоғары жетістіктерін атап өтті.

-Атқарылған жұмыстыӊ нәтижесі көрсеткіштермен бағаланады. Өӊірімізде өмір сүру ұзақтығы 71,9 жасқа жетті. Ана өлімі 86,6 пайызға, сәби өлімі 2,5 есеге төмендеді. Жүрек-қан тамырлары ауруларымен науқастану мен өлімі 6 пайызға, қатерлі ісік ауруларымен науқастану мен өлімі 8,4 пайызға, туберкулез 10,3 пайызға азайды. Жасыратыны жоқ, осыдан бір-екі жыл бұрын республикалық көрсеткіштердіӊ алдыӊғы орындарын бермей келдік. Қазір ана мен сәби өлімі көрсеткіштері бойынша республикада 9 орынға тұрақтадық. Бұл сандар медицина қызметкерлерініӊ ерен еӊбегініӊ арқасында құтқарылған жүздеген, мыӊдаған өмірлердіӊ дәлелі, -деді аймақ басшысы.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев медицина саласыныӊ еӊ үздік қызметкерлерін марапаттады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны