14.07.2017, 18:39 6222

Қ.Көшербаев: "Сырдария өзенініӊ сол жақ жағалауында рухани жаӊғыру орталығы бой көтереді"

Сонымен бірге, Сырдария өзенініӊ сол жағалауынан Жастар ресурстық орталығыныӊ жаӊа ғимараты бой көтереді. Жаӊа орталық жастардыӊ жан-жақты даму мәселелерімен айналысатын болады.

Қызылорда. 14 шілде. Kazakhstan Today - Сол жағалауда салынатын Қазақ Орталық Атқару комитетініӊ (КазЦИК) тарихи ғимаратында музеймен бірге Елбасыныӊ рухани жаӊғыру бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыратын аймақтық Рухани жаӊғыру орталығы қатар орналасатын болады.

Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында жасаған баяндамасында мәлімдеді.

- Сол жағалауда салынатын Қазақ Орталық Атқару комитетініӊ (КазЦИК) тарихи ғимаратында музеймен бірге Елбасыныӊ рухани жаӊғыру бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыратын аймақтық Рухани жаӊғыру орталығы қатар орналасатын болады. Қазақ халқыныӊ өсіп-өркендеуіндегі арадағы бір ғасырлық уақыт осылайша бір-бірімен сабақтасып, рухани жалғасын таппақ,- деді облыс әкімі. Сонымен бірге, Сырдария өзенініӊ сол жағалауынан Жастар ресурстық орталығыныӊ жаӊа ғимараты бой көтереді. Жаӊа орталық жастардыӊ жан-жақты даму мәселелерімен айналысатын болады. Облыс әкімініӊ айтуынша, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында Қорқыт Ата мемориалды кешенінде ашылған этноауылды бүгінгі таӊда республика өӊірлерінен ғана емес, Ресей, Голландия, Франция, Германия, Жапония, Польша сияқты шет мемлекеттерден де туристер келіп, тамашалауда. Қонақтар қазақ халқыныӊ салт-дәстүрімен танысып қана қоймай, Қорқыт Ата туралы мәліметтер алуда. Бұл - Қызылорда облысын, Сыр елін, қазақ халқын шет мемлекеттерге танытуға бірден-бір мүмкіндік болмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны