19.05.2021, 23:13 17712

Көкшетау Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы деп аталды

Бұл қалаға жаңа жобаларды жандандыруға мүмкіндік береді.
КӨКШЕТАУ. 19 МАМЫР - Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Рухани қазына – 2021" фестивалінің салтанатты ашылуы рәсімінде Көкшетау Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы атанғанын жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Министр Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы Малғаждар Тәткеевке "Көкшетау қаласы Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы" екенін растайтын мүсінше табыстады.
 

Биыл фестиваль тарихында алғаш рет бірқатар іс-шара көшпелі түрде Көкше өңірінде өтіп жатыр. Сонымен қатар ұйымдастырушылар комитетінің шешімімен алғаш рет "Қазақстанның мәдени астанасы" анықталды. Еліміздің алғашқы мәдени астанасы құрметіне Көкшетау қаласы ие болды. Енді келесі жылы мамырда еліміздің тағы бір қаласы осы мәртебеге ие болады", - деді министр.

 
Осыдан кейін Ақтоты Райымқұлова Ақмола облысының 10 мәдениет қызметкерін мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі, "Құрмет грамотасы", "Алғыс хатпен" марапаттады.
 
Ашылу рәсімін кейін Ақмола облысының үздік өнерпаздары мерекелік концерт ұйымдастырып, өңірдің мәдениет саласындағы жетістіктері жайлы фильм көрсетілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны