12.02.2020, 23:29 4200

Көкшетау тұрғындарына "Ашық қызмет" тегін заң кеңесі көрсетілді

Бұл күні аймақтың 15-тен астам тұрғыны білікті заңгерлерден, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласының өкілдерінен өз мәселелерін шешуде тегін және кәсіби кеңес алды.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Көкшетау тұрғындарына "Ашық қызмет" тегін заң кеңесі көрсетілді.

Халыққа тегін заң көмегін көрсету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың 11 ақпанында "Antikor ortaly?y" сервистік ғимаратында "Ашық қызмет" акциясы өткізілді.

Бұл күні аймақтың 15-тен астам тұрғыны білікті заңгерлерден, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласының өкілдерінен өз мәселелерін шешуде тегін және кәсіби кеңес алды.

Келушілерді, олардың арасында мүмкіндігі шектеулі адамдарды да, жер қатынастары, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік медициналық сақтандыру, еңбекақы төлеу, мүлікті бөлу және тұрғын үй саласындағы мәселелер қызықтырды.

Аталған акция "Еститін мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жүйелі негізде өткізіледі.

Әрбір адам сапалы құқықтық көмекті қажет ететінін атап өткен жөн. Сауатты заңгер кеңесі қандай да бір жағдайды ескертуге немесе шешуге көмектесе алмайтын жағдай орын алуы екіталай. Бірақ, заң қызметтерінің бағасы қымбат болғандықтан, мұндай көмекті әрбір адамға алуға қолжетімсіз екені анық. Сондықтан, осындай акциялар барысында көмекке мұқтаж азаматтарға тегін білікті кеңес алуға мүмкіндік беріледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны