14.02.2011, 11:47 4572

Каирдегі мұражайдан Тутанхамонның мүсіні қолды болды

Мысырда Каир мұражайынан Тутанхамонның мүсіні қолды болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 14 - ақпан. Kazakhstan Today - Мысырда Каир мұражайынан Тутанхамонның мүсіні қолды болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Мысырда Каир мұражайынан бірегей жәдігерліктер ұрланды, соның ішінде фараон Тутанхамонның мүсіні де бар.

Бұл туралы журналистерге Египеттің ежелгі дүние істері бойынша мемлекеттік министрі мәлімдеді, деп хабарлады РБК агенттігі Би-Би-Сиге сілтеме жасай отырып.

Тахрир алаңында орналасқан мұражайға тонаушылар Каирдағы халық толдқуы кезінде шабуыл жасаған. Мұражайға шабуыл анықталғаннан кейін оппозициялық демонстранттар армия жасақтары келгенше күзетіп тұрды. Мұражайға келген шығын әлі анықталған жоқ.

Тахрир алаңындағы ғимаратқа бірнеше рет жарылғыш салынған бөтелкелер мен тас лақтырылды. Соңғы кезде оны күзетуді Египет армиясы мойнына алған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 28-қаңтар күні Мысыр астанасының орталығында орналасқан Каир мұражайына тонаушылар шабуыл жасалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны