19.07.2016, 12:59 3929

Қайтыс болған полицейлердіӊ отбасыларына 15 млн теӊге материалдық көмек көрсетіледі

Бұл туралы Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді. Сондай-ақ, Алматы әкімі ауруханада жатқан полицейлердіӊ туған-туыстарымен кездесу кезінде жарақат алғандарға 5 миллион теӊге жәрдемақы беріледі деді.

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - 15 миллион теӊге. Қандықол қылмыскердіӊ қолынан қаза тапқан полиция қызметкерлер отбасыныӊ әрқайсысына осындай материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді. Сондай-ақ, Алматы әкімі ауруханада жатқан полицейлердіӊ туған-туыстарымен кездесу кезінде жарақат алғандарға 5 миллион теӊге жәрдемақы беріледі деді. Бауыржан Байбек жансақтау бөліміне кіріп, науқастардыӊ жағдайын өз көзімен көріп шықты. Икім құқық қорғау органдары қызметкерлерініӊ аяғынан тік тұруы үшін дәрігерлер қолдан келген көмектіӊ барлығын жасайтынын айтты. Қазір Алматы ауруханаларында сегіз адам жатыр. Реанимация бөлімдерініӊ есігіне қарулы күзет қойылған. Науқастардыӊ қал-жағдайын білуге келген туысқандарына психологтар мен дәрігерлер көмек көрсетіп жүр, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

- Екі азамат қазір жағдайы тұрақты. Біреуі бүгін реанимациядан шығарылады. Екіншісініӊ жағдайы жаман емес дұрыс болады деп ойлаймын. Үшеуініӊ, үш полиция қызметкерініӊ жағдайы өте нашар. Қазір қажетті көмек көрсетілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны