24.09.2007, 17:19 3058

"Қамқорлық" айлығы аясында 33 мың павлодарлық қарттар әртүрлі шараларға қамтылады

"Қамқорлық" айлығы аясында 33 мың павлодарлық қарттар әртүрлі шараларға қамтылады.

Павлодар. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық қарттар күніне орай "Қамқорлық" айлығы аясында 33 мың павлодарлық қарттар әртүрлі шараларға қамтылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Облыс орталығында 54 мыңнан астам зейнеткер бар, қаланың билік өкілдері ұйымдастырған іс-шараларға 33 мыңға жуық қарт қамтылады, бірақ біз жылдан- жылға өсіп келе жатқан павлодарлық кәсіпорындардың белсенділігіне үміт артамыз, сондықтан да айлық аяқталғаннан кейін 17-қазанда соңғы көрсеткіштер белгілі болады",- деді қалалық әкімшіліктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Алла Икімова.

Оның айтуынша, Қарттар күніне орайластырылған іс-шараларды жүргізуге қалалық бюджеттен 7 млн астам теңге бөлінген. 2006 жылы осы мақсатта 5 млн теңге жұмсалған болатын.

Қарттар күнінде мәдени шаралар өткізіліп, зейнеткерлерге жаңа тимурлықтар көмек көрсетеді. Бөлінген қаржыдан 80 және 90 жасқа болған азаматтарға 2000 теңгеден төленеді. "100 жастағы павлодарлықтар қалалық әкімшіліктен 5 мың теңгеден алады. Ең төменгі зейнетақы алатын қарттарға мың теңгеден жәрдемақы беріледі. Илеуметтік жұмысшылар телефон орнатып, көмір сатып алуға да көмектеседі",- деп сендірді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.

Қарттар күніне байланысты негізгі шаралар 1-қазанда өтеді. Павлодар әкімі Бәкір Демеуовтың кестесінде оннан астам ардагерлер мен арнайы мекемелерге бару жоспарланған.

Сонымен қатар, қала басшылары 8-қазан - Мүгедектер күнін де жоғарғы деңгейде атап өтуді жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны