22.05.2007, 17:42 2874

Қан орталықтарын салу және жабдықтау бағдарламасын жүзеге асыруға 32 млрд теңге қажет

АЛМАТЫ. 22-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасында қан орталықтарын салу және жабдықтау жөніндегі 2008-2009-жылдарға есептелген бағдарламаны жүзеге асыруға 32 млрд теңге қажет. Бұл туралы бүгін БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағы елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы - ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясы шеңберіндегі брифингте республиканың денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз осындай бағдарламаны жасап бітіруге таядық, онда қан ауыстырып құю мен басқа да қанға қатысты манипуляциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қарастырылған",- деді А.Дерновой. "Қан орталықтарын салу және жабдықтау жөніндегі бағдарлама 2008-2009-жылдарға есептелген және онда қан орталықтарын толықтыра жабдықтау мен жабдықтау, облыстарда жеті қан орталығын салу мен Алматыда қан өңдеу зауытын салуға көзделген",- деді министр. Оның пікірінше, "бұл шаралардың бәрі ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік беріп, елімізде қатерлі жұқпалы дертпен ауыру деңгейі төмендейді".

А.Дерновойдың айтуынша, жобасы жасалып жатқан бағдарламада теке мемлекет қаржысын ғана пайдалану көзделмеген. "Мемлекет пен жеке меншік сектордың әріптестігінің негізінде жеке инвесторлардың қаржысы тартылады, сол арқылы олар бізге қан орталықтары емн қан өңдеу зауытын салуға көмектеседі. Қажетті қаржы көлемі 32 млрд теңгеге тең",- деді ол.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, Қазақстанда тек өткен жылы ВИЧ індетін жұқтырған 1749 адам анықталған. "Бұл өте үлкен көрсеткіш. Оңтүстік Қазақстан облысынан басқа, Қарағанды және павлодар облыстарында да ауру көрсеткіші жоғары. Сол себепті қазір Республикалық СПИД орталығы өз күш-жігерін осы індеттің алдын алуға, емдеу мекемелерінің іс-қызметі мен ондағы тәртіпті қадағалауға баса назар аударуда",- деді А.Дерновой. "Бұл қанды денсаулық саласында пайдалану мен оның қауіпсіздігіне бағытталған ауқымды біртұтас бағдарлама",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны