06.02.2015, 21:25 4126

Канадалық инвесторлар Қазақстанда ауруханалар мен емханалар салуға дайын

"InterHealth Canada" компаниясы еліміздіӊ оӊтүстігінде емханалар мен ауруханалар салуға дайын. Бұл туралы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығыныӊ (РДСДО) өкілдерімен кездесуде канадалық компанияныӊ басқарма мүшесі Эмад әл-Сукер мәлімдеді

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - "InterHealth Canada" компаниясы еліміздіӊ оӊтүстігінде емханалар мен ауруханалар салуға дайын. Бұл туралы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығыныӊ (РДСДО) өкілдерімен кездесуде канадалық компанияныӊ басқарма мүшесі Эмад әл-Сукер мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Канадалықтардыӊ есебінше, Оӊтүстік Қазақстанда медициналық қызметтерге сұраныс жоғары болып отыр және ол арта түседі. Емдеу мекемесініӊ құрылысын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеӊберінде салу жоспарланған. Құрылыстыӊ басталу мерзімі мен инвестиция көлемі әзірге жарияланған жоқ. Тараптар сондай-ақ, кейбір ауруханаларды сенімді басқаруға беру мүмкіндігін қарастырды.

"Нысанды сенімді басқаруға берерден бұрын жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірлесіп, ауруханалар мен емханалардыӊ қандай жағдайда екенін зерттейміз. Шамамен бір жыл ішінде нысандарды инвесторларға беру мәселесі шешілуі тиіс", - деді РДСДО Инвестициялық жобалар орталығыныӊ жетекшісі Олжас Сәкенов.

Ауруханаларды басқаруды жекеменшік инвесторларға берген жағдайда тегін қызметтер көрсету көлемі толық сақталады. Канадалықтар медициналық ұйымдардыӊ жұмыс нәтижесін жақсартқан жағдайда ғана қазақстандық клиникаларды басқара алады. Шетелдік менеджерлер білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, медициналық қызметтердіӊ сапасын арттыруды жоспарлап отыр.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны