03.08.2012, 10:56 3040

Қарағанды билігі эротикалық басылымдардың ашық таралуына қарсы күрес бастады

Эротикалық мазмұндағы басылымдардың ашық саудасына жол жоқ! Қарағанды қалалық Мәслихатының депутаттары осындай газет-журналдардың арнайы жерде ғана сатылуын қадағалайтын жаңа комиссия құрамын бекітті, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Қарағанды. 3-тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды билігі эротикалық басылымдардың ашық таралуына қарсы күрес бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Эротикалық мазмұндағы басылымдардың ашық саудасына жол жоқ! Қарағанды қалалық Мәслихатының депутаттары осындай газет-журналдардың арнайы жерде ғана сатылуын қадағалайтын жаңа комиссия құрамын бекітті, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Негізінен комиссия сонау 2006 жылы құрылған екен. Бірақ алты жыл бойы не тындырғандары түсініксіз. Осы жолы тәуекелге бел буып, бұл іске білек сыбана кірісеміз деп отыр. Мақсаттары, қаладағы дүкен атаулы мен әр аялдамада бар дүңгіршектердегі атты адам түсіп қарайтын мұқабалардың көзін құрту. Биліктегілер мен депутаттар "Плейбой" журналын қызыға парақтап тұрса да, бұл әбестікті тыю керек деп қабақ шытады. Ал бекітілген комиссия енді сауда орындарына тексеріс жүргізіп, тәртіп бұзғандарды жазаға тарту мәселесін талқыламақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны