09.06.2015, 14:44 4063

Қарағанды гарнизоныныӊ жаӊадан шақырылған сарбаздары әскери ант қабылдады

"Астана" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімініӊ жаӊадан шақырылған сарбаздары салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Сарбаздардыӊ жаӊа толымын бөлім командирі полковник Нұрлан Осмонов құттықтады

Астана. 09 Маусым. Kazakhstan Today - "Астана" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімініӊ жаӊадан шақырылған сарбаздары салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Сарбаздардыӊ жаӊа толымын бөлім командирі полковник Нұрлан Осмонов құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Салтананатты рәсімге қатысқан 31775 ә/б ардагері запастағы генерал-майор Янис Дуда жас сарбаздарға өзініӊ тілек-лебізін білдірді. "Бүгін сендер нағыз Отан қорғаушылары атандыӊдар. Осы сәттен бастап сендердіӊ өмірлеріӊде жаӊа өмір толқыны басталады. Сендер күрделі, бірақ қызықты әскери ғылымды танып білесіӊдер, әскери болу және өз еліне қызмет етудіӊ қандай екенін сезінесіӊдер. Сендерге қызметте сәттілік тілеймін" - деді сөз соӊында. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл жауапты күні жас сарбаздарға ата-аналары мен туған-туысқандары қолдау білдірді. Салтанатты рәсімнен кейін оларға бөлімніӊ аумағын аралау ұйымдастырылды. "Мұндай маӊызды күні баламныӊ жанында болғаныма қуаныштымын. Ол қызмет жасайтын бөлімді, оныӊ командирі мен қаруластарын көрдім", - деді мерзімді қызметтегі сарбаздардыӊ бірініӊ анасы Фарида Халменова.

Жеткіншектер осы көктемде Оӊтүстік Қазақстан облысынан Қарағанды гарнизонына мерзімді қызметке шақырылған болатын. Бір жылды олар үйлерінен және тума-туыстарынан жырақта өткізеді, әскери істі оқып-үйренеді, әскери техника мен қаруды меӊгереді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысына ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ 44813 әскери бөліміне мерзімді қызметке шақырылған 50 бозбала салтанатты түрде әскери ант қабылдаған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны