16.11.2015, 17:18 4130

Қарағанды қаласы жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Қарағанды қаласы Октябрь ауданында жолаушы тасымалдайтын автобус жол-көлік апатына ұшырады

Қарағанды. 16 қараша. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласы Октябрь ауданында жолаушы тасымалдайтын автобус жол-көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

23 жастағы МАН автобусыныӊ жүргізушісі Восток-2 ықшамауданына қарай бағыт алып келе жатып, бұрылыста жолдыӊ тайғақтығынан көліктіӊ басқаруына ие бола алмай қалып, автобус жолдан шығып кеткен. Автобустыӊ жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылса, бес жолаушыға медициналық көмек көрсетілген. Болған жол-көлік оқиғасы бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны