09.07.2015, 11:39 3437

Қарағанды қаласыныӊ ІІБ жол-патрульдік полиция полкініӊ полицейлері сексуалдық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасағаны бойынша күдіктілерді "ізін суытпай" қолға түсірді.

6 шілде күні кешкі мезгілде Қарағанды қаласыныӊ ІІБ Жедел басқару орталығына телефон шалған қыз бала жылап, өзін зорлап кеткені туралы ақпарат жеткізеді.

Астана. 09 Шілде. Kazakhstan Today - 6 шілде күні кешкі мезгілде Қарағанды қаласыныӊ ІІБ Жедел басқару орталығына телефон шалған қыз бала жылап, өзін зорлап кеткені туралы ақпарат жеткізеді. Оқиға орнына дереу Қарағанды қаласыныӊ ІІБ жол-патрульдік полиция полкініӊ экипажы Самат Искаков, Мақсат Дымбаев және Ернияз Иубәкір, рота командиры Тахир Агубаев аттанады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бойжеткен қыз өзін жәбірлеген күдіктілерді жедел басқару орталығыныӊ камералары арқылы анықтау кезінде, танытпа белгілері арқылы айғақтап, ЖППП экипажы Майқұдық көшелерініӊ бірінде қылмыскерлерді жедел құрықтады.

Бірі 21, біреуі 25 жастағы екі күдіктіні жәбірленуші бойжеткен бірден таныған.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатыстық қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Кұдіктілердіӊ ішіндегі жасы үлкені бүрынғы уақытта тонау фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілкке тартылғаны анықталды.

Қарағанды облысыныӊ ІІД ескертеді:

Егер Сіз сексуалды сипаттағы зорлықтыӊ құрбаны болсаӊыз, дереу құқыққорғау органдарына хабарласыӊыз, ұялы және стационарлық телефоннан 102-ге хабарласу тегін. Кезекші бөлімге де тікелей хабарласып, арыз жазуға болады. Полиция күнделікті 24 сағат үзіліссіз жұмыс істейтінін есте сақтаӊыз. Сіз зорлық құрбаны болғандығыӊыз үшін негативті көзқарас болады деп қорықпаӊыз. Қылмыс орын алғаннан кейін суға түспеӊіз, себебі денеӊіздегі айғақ белгілері арқылы қылмыскерді қолға түсіру және айыптау ресми сипат алады.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны