08.11.2018, 16:47 4948

Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде "Қазақстандағы еӊбек медицинасыныӊ өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми конференция өтті

Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде 1-2 қараша күндері "Қазақстандағы еӊбек медицинасыныӊ өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми конференция өтті

Қарағанды. 8 қараша. Kazakhstan Today - Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде 1-2 қараша күндері "Қазақстандағы еӊбек медицинасыныӊ өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференцияны ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ қолдауымен Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті (ҚММУ) ұйымдастырды.

Конференцияда Қазақстан еӊбек медицинасындағы гигиеналық, клиникалық-эпидемиологиялық және эксперименттік зерттеулер, еӊбекті қорғау, сондай-ақ, Қазақстан, Ресей және тағы да басқа елдердіӊ өндіруші секторындағы кәсіпорындарда асбест себепті туындайтын кәсіби ауруларды алдын алумен байланысты өзекті мәселелер мен заманауи ғылыми бағыттар көтерілді.

ҚММУ ректоры, профессор Раушан Досмағамбетоваөзініӊ сәлемсөзінде былай деп атап өтті: "Конференция тақырыбыеӊбек медицинасындағы гигиеналық, клиникалық-эпидемиологиялық және эксперименттік зерттеулерді талқылауға арналған. Кәсіби тәуекелдер, жұмысшылардыӊ денсаулығын бағалау, кәсіби тәуекелдерді басқару мәселелері әӊгімеге арқау болып отыр. Конференцияда әртүрлі елдерден келген ғалымдар мен мамандар ұжымыныӊ көп жылдан бері жүргізіп келе жатқан зерттеулерініӊ қорытындысы таныстырылды".

"Қоғамныӊ экономикалық іргетасын құрайтын еӊбекке қабілетті халықтыӊ денсаулығын сақтау - профилактикалық медицинаныӊ аса маӊызды міндеті, - деп атап өтті Қарағанды облысы Қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау департаментініӊ басшысы Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы. - "Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы "Жаһандық іс-қимыл жоспары: Жұмысшылардыӊ денсаулығы" 60-қарарыныӊ 10-тармағын қолдайды. Қарарда асбесттіӊ сан алуан түрлерін реттеу үшін сараланған тәсілдемені қолдану қажет екендігі жайлы айтылған. Осыған орай хризотилді қолдануға бақылау жүргізу абзал шара әрі оған мүмкіндік бар. Бұл халықты қолжетімді жаппа материалдармен, ауыз суды жеткізетін кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге жағдай жасайды".

Конференция жұмысы кезінде кәсіби тәуекелдерді бағалау, хризотил өндірісінде еӊбек ететін жұмысшылардыӊ денсаулығы, құрамында хризотил бар шаӊ-тозаӊныӊ ағзаға әсерін бағалау бағытындағы эксперименттік зерттеу жұмыстары және т.б. мәселелер көтерілді.

Конференция соӊында ҚММУ ҒЗО санитарлық-гигиеналық ғылыми-зерттеу зертханасыныӊ меӊгерушісі профессор Ыбраев Серік Айтмақұлы былай деп қорытындылады: "Еӊбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығында және Қарағанды медициналық университетінде көп жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан ғылыми зерттеулердіӊ нәтижесі хризотил асбестті қатаӊ бақылаған жағдайда ол зиянсыз екендігін көрсетіп отыр. Бірқатар жылдар ішінде асбестпен және кәсіби аурулармен байланысты туындайтын өкпе обыры, өкпеқап мезотелиомасы сынды аурулар байқалған жоқ".

Сондай-ақ, ғылыми баяндамалар мен пікірталастар кезінде Қазақстанныӊ денсаулық сақтау жүйесін реформалау негізі ретінде цифрлік технологияларға көшу жағдайында еӊбек гигиенасы мен кәсіби патологиялар мәселелерімен байланысты кеӊ тақырыптар қарастырылды.

ҚММУ ғылыми конференциясында Еӊбек медицинасы және кәсіби аурулар орталығыныӊ өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Үндістаннан келген жүзден аса медициналық қызметкер қатысты. Ұсынылған ғылыми баяндамалар, пікірталастар нәтижесі және конференция қорытындысы бойынша жалпы қарар дайындалып, қабылданатын болады. Сондай-ақ, конференцияныӊ ғылыми материалдары бойынша ҚММУ-діӊ "Медицина. Экология" ғылыми-тәжірибелік журналыныӊ арнайы шығарылымы дайындалады.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы - Орта Азиядағы жалғыз хризотил-асбест шикізат базасы бар ел. Қазақстанныӊ осы саласында 5 мыӊға жуық адам еӊбек етеді. Жітіқара үшін қала түзуші фактор ретінде үлесін қосып отырған асбест саласы 40 мыӊға жуық адамныӊ әл-ауқатымен және мүддесімен ұштасқан. Қазіргі таӊда асбесттіӊ адам денсаулығына әсері халықаралық сараптамалық деӊгейде қарастырылып отыр. Хризотил-асбесттіӊ жұмысшылардыӊ және өндіріс орнына жақын мекенде тұратын халықтыӊ денсаулығына мүмкін әсері тұрғысынан алғанда, хризотил-асбесттіӊ қай жерде өндірілетіндігі аса маӊызды мәселе болып табылады. Аталмыш халықараық ғылыми конференция соныӊ ішінде Жітіқара кенорнындағы хризотил-асбесттіӊ әсерін зерттеу мәселелеріне арналды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны