01.06.2017, 17:28 2499

Қарағанды облысынан Астанаға ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу барысында 9 мыӊ тонна азық-түлік жеткізіледі

Қарағанды облысынан Астанаға ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу барысында 9 мыӊ тонна азық-түлік тасу жоспарлануда. Оныӊ басым бөлігі нан мен нан өнімдерінен құралады. Ол жайлы аймақтық байланыс қызметініӊ брифингі барысында облыстық кәсіпкерлік басқармасыныӊ жетекшісі Татьяна Аблаева мәлімдеді.

Қарағанды. 1 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысынан Астанаға ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу барысында 9 мыӊ тонна азық-түлік тасу жоспарлануда. Оныӊ басым бөлігі нан мен нан өнімдерінен құралады. Ол жайлы аймақтық байланыс қызметініӊ брифингі барысында облыстық кәсіпкерлік басқармасыныӊ жетекшісі Татьяна Аблаева мәлімдеді.

"Қарағанды облысы Астана маӊайыныӊ азық-түлік белдеуіне жататындықтан ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында біздіӊ аймақтан елордаға жіберілетін азық-түлік көлемі ұлғайтылады. Бүгінгі таӊда ауылшаруашылық құрылымдары белгіленіп, азық-түлік жеткізушілермен меморандум жасалып, апталық кесте құрылды. Жоспар бойынша 9 мыӊ тонна азық-түлік жеткізіледі", - деді Татьяна Аблаева.

Басқарма басшысыныӊ айтуынша, ЭКСПО кезінде Астана қаласында төрт ауыл шаруашылық жәрмеӊкесі ұйымдастырылмақ.

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасыныӊ мәлімдеуінше, үш ай аралығында қарағандылық тауар өндірушілер Астанаға 6 мыӊ тонна нан мен нан өнімдерін, 300 тоннадан астам сиыр етін, 1300 тонна сүт және сүт өнімдерін, 38 тонна қымыз бен шұбат жібереді. Негізгі қымыз жеткізуші ретінде Жаӊаарқа ауданыныӊ Қоӊыров жеке кәсіпкері анықталған.

Өз кезегінде "Сарыарқа" техносаябағыныӊ директоры Алексей Цойдыӊ хабарлауынша, Қарағанды облысынан ЭКСПО-ныӊ Қазақстандық павильонында қоюға жеті жоба мақұлданған, тағы да 22 жоба ҚР Энергетика министрлігініӊ мақұлдауын күтуде.

Осындай жобалардыӊ бірі - әйнектен құрылыс материалдарын өндіру туралы кәсіпкер Сағат Уәлиев айтып берді. "Ийнек - мәӊгілік материал, Еуропада оны қайта пайдалану мүмкіндіктерін әлдеқашан түсінген. Онда мыӊдаған шағын қайта өӊдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Біз де Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетініӊ ғалымдарымен бірлесе отырып шағылған әйнектердіӊ негізінде пеноәйнекбетон атты құрылыс материалын алу технологиясын жасап шығардық", - деді кәсіпкер.

Қарағандылық кәсіпорындар ЭКСПО құрылысында пайда көрген. Жергілікті жеткізушілер онда құрылыс материалдарын тасыған. Жобалық ұйымдар да өз қызметтерін көрсеткен. Кәсіпкерлік басқармасыныӊ мәлімдеуінше, облыстыӊ 29 кәсіпорны 9,5 млрд. теӊгеге өнім жеткізген, ал 7 компания 257,5 млн. теӊгеге қызмет көрсеткен.

Қарағандылықтар ЭКСПО қонақтары мен елорда тұрғындары үшін көріністер әзірлеп жатыр. Қыркүйектіӊ 4-і мен 9-ы аралығында Астана қаласында Қарағанды облысыныӊ мәдениет күндері өтеді. Екі мыӊнан астам әртіс қатысатын ауқымды бағдарлама әзірленіп жатыр. Қарағанды облысынан көрмеге 200 мыӊдай адам қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, бюджет қаржысы есебінен көрмеге 3750 оқушы барады.

Астанада өткелі отырған ЭКСПО-2017 көрмесіне 250 адамнан құралған еріктілер тобы жасақталып, 2 маусымда аттанып кетеді.

Естеріӊізге сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі Астана қаласында маусымныӊ 10-да ашылып, 10-шы қыркүйекке дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны