11.12.2008, 13:50 1924

Қарағанды облысында 30 қарашада жоғалып кеткен 10 жасар баланы іздестіру жұмыстары тоқтатылды - ТЖД

Қарағанды облысында 30 қарашада жоғалып кеткен 10 жасар баланы іздестіру жұмыстары тоқтатылды - ТЖД

Қарағанды. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Қарағанды облысында 30 қарашада жоғалып кеткен 10 жасар Көпберген Кенжебековты іздестіру жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

К. Кенжебеков 30 қарашада Ақтоғай ауданының Қарабұлақ ауылдық округінің Шолақ қыстағынан мал қарауға атпен кеткен күйі оралмаған. Оны іздестіруге барлық күш жұмсалған.

2 желтоқсанда іздестіру жұмыстарына авиация тартылып, АН-2 ұшағымен сол маңайды айналып шықты. Судан құтқару қызметі осы өңірдегі барлық өзен-сулардан баланы іздеді. Бірақ бала табылмаған. Бүгін полициядан басқа барлық күштерді іздестіру жұмыстарынан кері шақырып алуға шешім қабылданды, деп хабарлайды ТЖД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны