31.03.2015, 18:33 7015

Қарағанды облысында болған жол апатынан екі адам ажал құшып, төртеуі жапа шекті

Қарағанды облысындағы "Жезқазған-Сәтпаев" тас жолында болған жол-көлік апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен

Қарағанды. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысындағы "Жезқазған-Сәтпаев" тас жолында болған жол-көлік апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жезқазған-Сәтпаев тас жолында "Фольксваген Гольф" және "Лада Гранта" көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам мерт болып, төртеуі жарақат алды", делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жол-көлік апаты фактісі бойынша сот алды тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны