26.12.2007, 17:10 3121

Қарағанды облысында қатты аяз салдарынан мектептердегі сабақтар тоқтатылды

Қарағанды облысында қатты аяз салдарынан мектептердегі сабақтар тоқтатылды

Қарағанды. 26-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында ауа температурасы 30 градустан төмендеп, қатты аяз болуына байланысты мектептердегі 1 - 11 сыныптарда және де колледждерде сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық білім беру департаментіне сілтеме жасай отырып.

Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, "шешім Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің ақпараттары мен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің білім беру ұйымдарындағы сабақтардың температуралық режимі туралы № 509 бұйрығы негізінде қабылданып отыр".

"Қазгидромет" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының мәліметтеріне сүйенсек, Қарағанды облысының аумағында 25-желтоқсанда түнде ауа температурасы минус 22 - 27 градус, ал кейбір жерлерде 30 градусқа дейін төмендеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны