20.05.2016, 23:02 3631

Қарағанды облысында Қоғамдық кеӊестіӊ отырысында жер реформасына қатысты мәселелер талқыланды

Қарағанды облыстық әкімдігінде Қоғамдық кеӊестіӊ отырысы өтіп, онда жер реформасына қатысты мәселе қарастырылды, деп хабарлайды өӊір әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қарағанды. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облыстық әкімдігінде Қоғамдық кеӊестіӊ отырысы өтіп, онда жер реформасына қатысты мәселе қарастырылды, деп хабарлайды өӊір әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жер кодексін кеӊінен талқылау мақсатында отырысқа облыстағы 100-ден астам қоғам қайраткері, блогшылар, шаруа қожалықтарыныӊ, этномәдени бірлестіктердіӊ өкілдері, саяси партиялардыӊ, жастар және үкіметтік емес ұйымдардыӊ басшылары шақырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отырыстыӊ басында комиссия төрағасы Ерғара Аймағамбетов ағымдағы жылдыӊ 5 мамырында мемлекет басшысы Жер кодексініӊ кейбір ережелеріне мораторий енгізу туралы жарлыққа қол қойғанын, сондай-ақ, барлық мүдделі органдар мен қоғамдық бірлестіктерді қатыстыра отырып, үкіметтіӊ жанынан комиссия құруды тапсырғанын атап өтті. Қарағанды облысынан оныӊ құрамына "Қазақстанныӊ фермерлер одағы" қоғамдық бірлестігініӊ облыстық филиалыныӊ төрағасы Абдолла Төребеков кірді.

Төребеков өз сөзінде Республикалық комиссияныӊ іс-қызметі туралы әӊгімеледі және комиссия жер заӊнамасына қатысты халық бұқарадан келіп түскен ұсыныстардыӊ барлығын қарастыруға дайын екенін атап өтті. Айталық, облыстан сайланған жұмыс тобыныӊ мүшелері ұсыныстар қабылдау бойынша тұрғындармен кездесулерді бастап жіберді.

Баспасөз қызметініӊ мәліметінше, бұдан әрі отырыста жер қатынастары басқармасыныӊ басшысы Аян Шалмағамбетовтыӊ баяндамасы тыӊдалды, онда жер телімініӊ пайдаланылу мақсатын ауыстыру процедурасын жеӊілдету, жер телімін кепілге беру, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануды бақылау секілді Жер кодексіне енгізілген нормалар мен өзгерістерге егжей-тегжейлі түсініктеме берілді.

"Пікірталас барысында блогшылар, қоғам қайраткерлері мен шаруа қожалықтары өкілдерініӊ баяндамалары тыӊдалып, олар президенттіӊ мораторий енгізу және Жер кодексін жан-жақты талқылау туралы бастамасына толық қолдау танытты. Тұтастай алғанда, отырыста ҚР Жер кодексініӊ басты ережелері белсенді түрде талқыланып, түрлі мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды", - деп хабарлайды әкімдіктегілер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны