09.03.2017, 18:48 4370

Қарағанды облысында корей музыкасыныӊ кеші өтті

Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ Достық үйінде корейлер ассоциациясыныӊ қарағандылық филиалы мен "Қоғамдық келісім" КМ ұйымдастырған корей музыкасыныӊ кеші өтті.

Қарағанды. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ Достық үйінде корейлер ассоциациясыныӊ қарағандылық филиалы мен "Қоғамдық келісім" КМ ұйымдастырған корей музыкасыныӊ кеші өтті.

Шара корей ұлты өкілдерініӊ Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жыл болуына орайластырылып, 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарыныӊ астанасы Пхёнчан қаласына арналды, деп хабарлайды "Қоғамдық келісім" баспасөз қызметі. Достық үйініӊ фойесінде 2018 жылғы Олимпиада ойындарын қолдау бойынша тілектер жинауғаа арналған арнайы пункт жұмыс істеді.

Корейлер ассоциациясыныӊ қарағандылық филиалыныӊ төрайымы Лилия Кимніӊ атап өтуінше, биылғы жыл мерейтойлық даталарға толы. Атап айтқанда, корей ұлты өкілдерініӊ Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жыл, Қазақстан мен Корея Республикасыныӊ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл, сонымен қатар, Республикалық мемлекеттік корей академиялық музыкалық комедия театрына 85 жыл. Бұдан басқа, шарада корей дәстүрлі әндерініӊ "Sonagi Project" фьюжн-тобы таныстырылды.

Шара барысында сөз сөйлеген Корея Республикасы Елшілігініӊ корей мәдени орталығыныӊ директоры Ли Дэ Вон қарағандылық филиалдыӊ және Лилия Кимніӊ корей халқыныӊ салт-дәстүрін сақтаудағы еӊбегін ерекше атап өтті.

"Sonagi Project" артистері Қарағандыда алғаш рет өнер көрсетті. Топты 2006 жылы Чанг Джэ-Хё құрған болатын. Қатысушылар корей халқыныӊ дәстүрлі аспаптарында ойнайды, оныӊ ішінде еӊ бастысы чангу - көлденеӊ екібасты барабан. Чангудан басқа артистер нагака, соне және саксофон сынды үрмелі аспаптарда өнер көрсетеді.

Чанг Джэ-Хё қарағандылықтарға дәстүрлі музыкаға деген қызығушылықтары мен көтеріӊкі көӊіл күй үшін алғысын білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны