14.01.2008, 17:44 2734

Қарағанды облысында күн райы суытады деген ескерту жарияланды

Қарағанды облысында күн райы суытады деген ескерту жарияланды

Қарағанды. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында күн райы суытады деген ескерту жарияланды. Бұл туралы агенттік тілішсіне облыстық төтенше жағдайлар депуртаментінен хабарлады.

Департамент мәліметтерінше, "қаңтардың 14 мен 15 аралағында облыстың батыс және солтүстік аудандарында қар жауып, боран соғуы сақталады. Жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын оңтүстік-батыс желі соғады".

Ауаның температурасы 15 қаңтар күні түнде 28 градус аязға, ал орталық және шығыс аудандарда минус 33 градус аязға жетеді.

"Ақпаратты біз барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына жеткіздік, олар жергілікті жерлерде қауіпсіздік шараларын қолдануға тиіс", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Ал тұрғындарға біз қырағы болуды, күн райының ахуалын бақылауды, өзінің денсаулық ахуалына мән беруді, ауа райына сәйкес киінуді, үсіп қалуға жол бермеуді айтып ескертеміз. Шама келгенше алыс сапарға шығудан бас тарту қажет", - деп хабарлайды департаменттегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны