14.01.2019, 19:09 6912

Қарағанды облысында "Охотзоопром" қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалды

Инспектор Е.Б. Нұрғалиев бас ауыр жарақатын алған, ессіз (кома) күйінде өкпеніӊ жасанды желдеткіші арқылы дәрігерлердіӊ қарауында. Ал инспектор П.А. Ницык ауыр дене жарақатын алған.

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Охотзоопром" қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі.

Осы жылдыӊ 13 қаӊтарында Қарағанды облысыныӊ Нұра ауданында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқтылар мен ақбөкендерді қорғау жөніндегі іс-шаралар барысында Теӊіз көлініӊ оӊтүстік-батысында орналасқан Ақ қошқар бөгеніне жақын орналасқан "Охотзоопром" АҚ Қарағанды мемлекеттік кәсіпорныныӊ инспекторлары жаӊа автомобильдердіӊ іздерін тапты.

Браконьерлерді іздестіру кезінде, автомобиль инспекторларыныӊ бірі қарға батып қалып, артта қалған. Екінші машинаныӊ экипажы инспекторларымен П.А. Ницык және Е.Б. Нұрғалиев олардыӊ ізін жалғастырып, екі "Toyota Land Cruiser" (күміс және ақ түсті) көліктеріне жасырынған ақбөкендерді ұстауға тырысты.

Браконьерлер машинаныӊ терезесінен қару шығарып инспекторларға бағыттап қорқытқан.

Бұл әрекетке жауап ретінде инспекторлар қызметтік қаруды пайдаланып, екі рет ескертіп ауаға оқ жіберген. Сондай ақ, браконьерлер көлігін тоқтату мақсатында олардыӊ дөӊгелектеріне де оқ атқан.

Инспекторлар аӊдудағы автокөліктердіӊ біреуін ұстауға мүмкіндік туып, оны тоқтатқанда көліктен қаруланған үш спортшы шыққан.

Браконьерлер дереу қарсыласып, инспекторлар П.А. Ницык, Е.Б. Нұрғалиевты ұрып-соққыға жыққан. Сонымен бірге, браконьерлер инспекторлардыӊ көлігінен GPS құрылғысын және көлік құралыныӊ тұтану кілтін алып тастаған. Осылайша олар инспекторларды экстремалды-климаттық жағдайда тастап кеткен, бұл адамныӊ өліміне алып келу қаупін тудырды.

Есін жиған Инспектор П.А. Ницык бетімен төмен қарап ессіз жатқан Е.Б. Нұрғалиевты көрді. Ол сол сәтте алғашқы көмек көрсетіп, инспектордыӊ басынан кетіп жатқан қанды тоқтатуға тырысқан.

"Радио арқылы екінші экипажға хабарластым, бірақ GPS болмағандықтан нақты ақпарат көзіне хабарласу мүмкін болмады. Іздеуге боран кедергі келтірді".

Іздестіру жұмысына Төтенше жағдайлар министрлігі де жұмылдырылды.

Нұра аудандық ІІБ-ныӊ тергеу-жедел тобы қылмыс орнына 18.10-да шақырылды, Ұлытау ауданыныӊ ІІБ браконьерлерді ұстауға шоғырланған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 107-бабы 2-бөлігінде ҚР ҚК №193552031000010 13.01.2019 ж. Қылмыстық іс қозғалды.

Инспекторлардыӊ екінші экипажы зардап шегушілерді 20 сағат 30 минутта тапқан. Содан кейін олар Астана қаласыныӊ №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Инспектор Е.Б. Нұрғалиев бас ауыр жарақатын алған, ессіз (кома) күйінде өкпеніӊ жасанды желдеткіші арқылы дәрігерлердіӊ қарауында. Ал инспектор П.А. Ницык ауыр дене жарақатын алған.

Айта кету керек, "Охотзоопром" басқа да инспекторларына бұрындары да шабуылдар жасалған болатын.

Анықтама үшін: 2018 жылы ақбөкенді қорғауды 191 инспектор 93 млн. гектар аумақта, 31 мобильді топ жүзеге асырды. Есепті кезеӊде инспекторлар 154 қылмыстық әрекетті (2017 жылы - 145) және 234 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Соныӊ ішінде ақбөкен туралы браконьерлік туралы 73 қылмыстық іс. Зиян келтіру 1,8 млрд. теӊгені құрады. Браконьерлерден 349 миллион теӊге айыппұлдар мен талап арыздар жиналды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны