26.04.2016, 15:25 4217

Қарағанды облысында педофил 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Қарағанды облысында 5 жасар өгей қызына қатысты азғындық әрекеттер жасаған 33 жастағы ер адамға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Қарағанды. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 5 жасар өгей қызына қатысты азғындық әрекеттер жасаған 33 жастағы ер адамға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Белгілі болғандай, 2015 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстеріне өзгерістер енгізіліп, олар бойынша бірқатар шектеулер орнатылды. Атап өтер болсақ, кәмелет жасқа жетпегендердіӊ жыныстық дербес құқықтылығына қарсы қылмыстар үшін шартты жазалауды қолдануға тыйым салынған. Осылайша, Саран қалалық сотыныӊ үкімімен Ақтас кентініӊ 33 жастағы тұрғынына өзімен бірге тұратын әйелдіӊ 5 жасар қызына қатысты зорлықты қолданусыз азғындық әрекеттер жасағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы шығарылды", - деп ақпараттандырды Саран қалалық прокуратурасыныӊ аға прокуроры Ұлан Сәдуақасов, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қылмыс өткен жылдыӊ күзінде жасалды. Ер адам арам ойын қыз баланыӊ анасы үйде жоқ кезде жүзеге асырды.

Прокурор сотталған педофилдер шартты түрде мерзімге дейін босатылмайтынын және оларға рақымшылық жасалмайтынын атап өтті.

"Кәмелет жасқа жетпегенді қылмыстық процеске жәбірленуші ретінде тарту оныӊ психологиялық жағдайына әсер ететіні сөзсіз. Осыған байланысты, Қылмыстық-процессуалдық кодекстіӊ нормалары өзгертіліп, толықтырылды. Яғни, кәмелет жасқа толмаған жәбірленушіні сұрау педагог және (немесе) психологтыӊ міндетті қатысуымен өтеді", - деп түсіндірді Ұ.Сәдуақасов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны