24.08.2015, 11:15 3372

Қарағанды облысында полиция қызметкері көлігімен жүргіншіні басып кетті

Mitsubishi Lanser" көлігініӊ жүргізушісі Нұра ауданы ІІБ учаскелік инспекторы жұмыстан тыс уақытта "Қарағанды-Астана" күре жолында келе жатып, рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, Теміртау қаласыныӊ тұрғынын басып кетті. Жол апаты салдарынан зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды

Қарағанды. 24 Тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында полиция қызметкері көлігімен жүргіншіні қағып кетіп, зардап шегуші оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ЖКО 23 тамызда Осакаровский ауданында болды.

"Mitsubishi Lanser" көлігініӊ жүргізушісі Нұра ауданы ІІБ учаскелік инспекторы жұмыстан тыс уақытта "Қарағанды-Астана" күре жолында келе жатып, рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, Теміртау қаласыныӊ тұрғынын басып кетті. Жол апаты салдарынан зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды.

"Жол апаты фактісі бойынша ҚО ҚК 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады облыстыӊ ІІД баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны