30.04.2015, 21:55 7595

Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 12 мамырдан өтемақы төлене бастайды

Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердіӊ тұрғындарына 12 мамырдан өтемақы төлене бастайды, деп хабарлады облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметінен

Қарағанды. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердіӊ тұрғындарына 12 мамырдан өтемақы төлене бастайды, деп хабарлады облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев жұмыс сапары барысында Абай, Бұқар жырау және Нұра аудандарындағы табиғи апат салдарын қалыпқа келтіру жұмыстарын байқады. Сарытөбе ауылыныӊ тұрғындарымен кездескенде ол су тасқынынан зардап шеккендерге 12 мамырдан өтемақы төлене бастайтынын хабарлады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.

Облыс әкімініӊ бірінші орынбасары тұрғындардыӊ өтініштері назарсыз қалмайтынын айтты.

Билік ақпаратынша, Абай ауданы Жұмабек ауылында бюджет қаражатына үш үй, демеушініӊ қолдауымен бір үй салынады.

Бұқар жырау ауданындағы Чкалов және Гагарин ауылдарыныӊ тұрғындарымен кездескен А.Дүйсебаев мүлік бағаланып болған соӊ, тұрмыстық техника, жиһаз және құрылыс материалдарыныӊ жәрмеӊкесі ұйымдастырылатынын айтты. Онда бағалар арзанырақ болмақ.

"Қазір ірі сауда орталықтарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деп қосты ол.

Нұра ауданында жарым-жартылай қалпына келтірілген жол тексерілді. Бұл жол 13 елді мекенді аудан орталығымен байланыстырады.

"Тұрғындар қолдау көрсеткен облыс пен жергілікті билік басшылығына, барша қазақстандықтарға алғысын білдірді", - деп атап өтілді хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, Қарағанды облысында сел кезінде су басу аумағында 51 елді мекен қалды, онда 2107 үйді су басты. Бұқар жырау ауданыныӊ Ғ.Мұстафин кенті мен Нұра стансасында 148 үй апаттық жағдайда және оны бұзу керек деп танылды. Олардыӊ орнына жаӊа баспана салынбақ.

Осыған дейін хабарланғандай, ТЖ құрбандары бар. Ғ.Мұстафин кентінде 17 сәуірде құтқарушылар жеке меншік үйден ерлі-зайыпты қариялардыӊ мәйітін тапқан еді.

Билік ақпаратынша, су басқан аймақтан 13 279 адам, 33 466 мал шығарылды. Апат салдарынан 434 бас ірі қара, 1043 қой мен ешкі, 55 жылқы, 47 шошқа, 762 құс қырылды.

Су тасқыны салдарынан шағын және орта бизнестіӊ 48 субъектісі зардап шекті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны