25.06.2008, 10:16 1517

"Қарағанды облысының ауылдық жерлерін сумен қамтамасыз ету" жобасының аяқталған нысандары пайдалануға берілді

"Қарағанды облысының ауылдық жерлерін сумен қамтамасыз ету" жобасының аяқталған нысандары пайдалануға берілді

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сейсенбі күні Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының Покорное ауылында Ислам даму банкінің ұсынған қарызы аясында ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті жүзеге асырып отырған "Қарағанды облысының ауылдық жерлерін сумен қамтамасыз ету" жобасының аяқталған нысандарын ресми түрде пайдалануға беру рәсімі болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Қазақстан Республикасы мен Ислам даму банкі арасындағы қарыз беру туралы келісімге сәйкес ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті "Қарағанды облысының ауылдық жерлерін сумен қамтамасыз ету" жобасын жүзеге асыруда.

Ислам даму банкі 7 млн ислам динары (шамамен $9,451 млн) көлеміндегі қарызды ұсыну жолымен жобаны қаржыландырып отыр. Бұл қаражат жоба құнының 84 пайызын құрайды. Қалған $1,863 млн көлеміндегі қаржыны ҚР үкіметі ұсынады. "Қарағанды облысының ауылдық жерлерін сумен қамтамасыз ету" жобасының құны - $11,314 млн. Оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарына $9,147 млн көлеміндегі қаражат шығындалады. Жобаның әрекет ету мерзімі 2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны