10.03.2017, 18:24 5760

Қарағанды облысыныӊ білім басқармасыныӊ алдағы оқу жылына жоспарына сәйкес 2,5 және 7 сынып оқушыларына арналған кітаптар жиынтығы толық сатып алынады

Оқулықтарды сатып алуға 2,4 миллиард теӊге қажет. Бірақ білім бөлімдерінде 1,6 миллиард қана бар.

Қарағанды. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ білім басқармасы алдағы оқу жылына жоспарларымен бөлісті. Жаӊа оқу жылы қарсаӊында екінші, бесінші және жетінші сынып оқушыларына арналған кітаптар жиынтығы толық сатып алынады. Биылдан бастап олар жаӊартылған бағдарламалар бойынша білім алуға көшеді. Еске салайық, өткен жылы барлық бірінші сынып оқушылары жаӊартылған бағдарлама бойынша кітаптармен қамтамасыз етілген болатын.

Оқулықтарды сатып алуға 2,4 миллиард теӊге қажет. Бірақ білім бөлімдерінде 1,6 миллиард қана бар.

- Жетіспей тұрған қаржы бюджет нақтыланған соӊ бөлінеді, - деді білім басқармасындағылар. - Бұл мәселе сәуір айыныӊ ортасына дейін шешілуі керек, өйткені әлі өтінім беру керек, типография қажетті оқулықтар санын басып шығаруға тиіс, содан кейін оларды жеткізіп, мектептерге тарату қажет.

Қазіргі кезде тоғызыншы сыныптарға арналған оқулықтармен қиындықтар бар. Олар биыл қайта басылып шығарылуға тиіс болатын. Себебі олардыӊ жартысы жоғалса, қалған бөлігі ескірген. Ал 2019 жылға қарай тоғызыншы сынып оқушылары жаӊа бағдарлама бойынша оқитын болады, олар үшін жаӊа кітаптар шығарылады, биыл оқушылардыӊ осы санаты үшін оқулықтар сатып алынбайды, деп атап өтті басқармадағылар.

Кітаптар жетіспеушілігі мәселесі әзірге қайта үлестіру арқылы шешіліп келеді. Мектептер әр сыныптағы оқушылар саны бойынша есеп береді, егер артық кітап қалса, олар жетпей қалған мектептерге беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны