10.06.2015, 12:03 3562

Қарағанды облысыныӊ құтқарушылары 9 адамды құтқарды

Қарағанды облысыныӊ ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметініӊ № 42-МӨСБ диспетчерініӊ телефон нөміріне 16:40-та "Қызылорда-Павлодар" тас жолыныӊ 255-260 шықырым жерінде, жаӊбырдыӊ себебінен пайда болған батпақта 2 автокөлік тұрып қалғаны туралы хабар келіп түсті

Қарағанды. 10 Маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметініӊ № 42-МӨСБ диспетчерініӊ телефон нөміріне 16:40-та "Қызылорда-Павлодар" тас жолыныӊ 255-260 шықырым жерінде, жаӊбырдыӊ себебінен пайда болған батпақта 2 автокөлік тұрып қалғаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметініӊ қызметкерлері батпақтан бір жеӊіл автокөлік пен бір жүк жолаушылар автобусын шығарды, 9 адам, оныӊ ішінде 2 баланы құтқарды.

ТЖ департаменті тұрғындарға тағы бір мәрте ескертеді, ауа райыныӊ өзгеруі туралы ақпаратты біліп жүріӊіздер. Ауа райы нашарлап кеткенде, алыс жолға шықпауға тырысу керек, жолға шықпас бұрын міндетті түрде автокөліктіӊ техникалық жағдайын тексеру керек, ауа райы және дауылды ескертулер туралы ақпаратты қарап отыру керек.

Қарағанды облысыныӊ ТЖД

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны