10.03.2017, 18:41 6612

Қарағанды облыстық кардиохирургиялық клиникада жағдаяттық орталық ашылды

Қарағанды облыстық кардиохирургиялық клиникада жағдаяттық орталық ашылды. Жоба ауылдан келген науқастарға мамандандырылған көмек көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді. Елімізде мұндай орталықтардыӊ аналогы жоқ.

Қарағанды. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облыстық кардиохирургиялық клиникада жағдаяттық орталық ашылды. Жоба ауылдан келген науқастарға мамандандырылған көмек көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді. Елімізде мұндай орталықтардыӊ аналогы жоқ.

Облыс басшысы Нұрмұхамбет Ибдібеков профильді жағдаяттық орталықтыӊ қызметімен танысты.

"Жағдаяттық орталық тұтастай кардиологиялық қызметті мониторингтеуге және үйлестіруге арналған. Бұл - облыстық кардиохирургиялық орталықтыӊ ұйымдастыру-әдістемелік бөлімініӊ бөлімшесі. Жоба еӊ алдымен тар шеӊберлі мамандар жетіспейтін ауылдық және шалғайдағы өӊірлерге көмек көрсетуге бағытталған. Оны іске асыру жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан науқастарды ауруханаға кеш жатқызу, уақытылы диагностика жасамау жағдайларыныӊ пайызын азайтуға, хирургиялық шаралардыӊ нәтижесін жақсартуға мүмкіндік береді", - деді облыстыӊ штаттан тыс бас кардиологы Назира Базарова.

Өӊірде жедел диагностикалаудыӊ облыстық желісі құрылды. Бұл үшін кардиохирургиялық орталық шамамен 8 млн. теӊгеге 15 телеметриялық ЭКГ аппаратын сатып алды. Жоғары білікті мамандардыӊ диагноз қойып, тиімді емдеу шараларын тағайындауы үшін құрал онлайн режимде кардиограмманы жағдаяттық орталыққа жіберуге мүмкіндік береді.

"Телеметриялық аппараттар орталық аудандық ауруханаларға, сондай-ақ, шалғайдағы ауылдық зертханаларға үлестірілді. Сонымен қатар, кардиологтар тапшылығы байқалатын Приозерск, Қаражал және Жайрем елді мекендерініӊ ауруханаларына берілді. Бұл отандық аппараттар, Астанада шығарылады. Құрал шағын, оны алып жүру оӊай, үйде де пайдалануға болады", - деді Назира Базарова.

Оныӊ айтуынша, қарағандылық кардиологтар профильді орталықты елімізде бірінші болып ашып отыр.

Мамандардыӊ мәліметінше, Қарағанды облысында қан айналымы жүйесі ауруларымен 120 мыӊнан астам адам есепте тұр. Соныӊ ішінде 60 мыӊға жуығында артериалды гипертензия, 30 мыӊға жуығында - ишемиялық ауру. Өӊірде жүрек ауруларынан көз жұму жағдайлары азайды, дегенмен көрсеткіш жоғары болып қалуда.

Облыстық кардиохирургиялық орталықта жыл сайын ашық жүрекке 500-ден аса ота жасалады және 6000 астам инвазивті хирургиялық емдеу әдісі қолданылды.

Облыстық медициналық мекемелерде 12-ге жуық кардиолог маман жетіспейді. Емханаларда аталған тар шеӊберлі мамандар бойынша бос жұмыс орындарыныӊ саны 25% құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны