12.06.2017, 18:35 3528

Қарағандыда 2017 жылы балаларға арналған нейрооӊалту орталығы ашылады

"2017 жылы облыстық денсаулық сақтау саласына міндеттерді орындауға 66,3 млрд. теӊге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда ол 19%-ға көбірек, - деді Ержан Нұрлыбаев. - Бүгінгі күні облысымыздыӊ 22 медициналық ұйымдарында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл бағытқа 2 млрд. теӊгеден астам қаражат қарастырылған".

Қарағанды. 12 маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы күзде Қарағандыда балалар нейро оӊалту орталығы ашылады. Ақпараттық жүйелердіӊ дамуы арқасында шалғай аудандардағы науқас балалар қашықтықтан жоғары білікті мамандардыӊ кеӊесін ала алады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Ержан Нұрлыбаев жаӊашылдықтар жайлы аймақтық байланыс қызметі алаӊында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

"2017 жылы облыстық денсаулық сақтау саласына міндеттерді орындауға 66,3 млрд. теӊге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда ол 19%-ға көбірек, - деді Ержан Нұрлыбаев. - Бүгінгі күні облысымыздыӊ 22 медициналық ұйымдарында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл бағытқа 2 млрд. теӊгеден астам қаражат қарастырылған".

Аймағымыздағы денсаулық сақтау саласын дамыту инвесторлардыӊ көмегімен де, мемлекеттік жеке меншік серіктестік бағыты бойынша жүзеге асырылып жатыр.

"Биыл Қарағандыда "Луч" нейро оӊалту орталығы ашылды. Онда науқастар инсульт, ми инфаркті және тағы да басқа жүйке дерттерінен соӊ ем алады. Көбісі бұл қызмет түрлерін тегін, мемлекеттік тапсырыс шеӊберінде алады. Бұл бірегей жоба, біздіӊ алғашқы тәжірибеміз. Ал күзде, шамамен қараша айына қарай Қарағанды балалар ауруханасы негізінде балалар нейро оӊалту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін бос тұрған 1000 шаршы метр аумағы бар ғимаратты жеке меншік компанияға сенімділік басқаруына бердік", - деді Ержан Нұрлыбаев.

Бейінді клиникалар жанынан ахуалды орталықтар желісі дамытылып жатыр. Осындай қызмет кардиохирургиялық орталығында жұмыс істей бастады, жәнеде 1 қыркүйекке қарсы онкологиялық және туберкулез диспенсерлерінде осы секілді орталықтар ашу жоспарда тұр. Жобаныӊ негізгі мақсаты - науқастардыӊ жағдайын ауруханадан шыққан соӊ қадағалау және қажетті кеӊестер беріп, көмек көрсету болып табылады.

"Сонымен қатар ақпараттық-кеӊес беру сайты іске қосылады. Оныӊ мәнісі неде? Мысалы, біздіӊ шалғай аудандардағы әріптестеріміз диагноз қоюда немесе науқасты емдеу тактикасында қиналады делік. Сол кезде сайтқа кіріп, емделушініӊ дерті туралы толық мәліметті енгізеді. Сонан соӊ жалпы тізімнен қажетті бейінді маманды таӊдайды", -деп алдағы жоспарларымен де бөлісті денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы.

Бұған қоса, Ержан Нұрлыбаевтыӊ мәлімдеуінше, ауылдық ауруханаларды заманауи құрылғылармен жабдықтау жоспары бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны