13.03.2017, 13:12 4681

Қарағандыда 21-23 наурызда "Зергер" ашық байқауы өтеді

Қарағандыда 21-23 наурызда "Зергер" ашық байқауы өтеді. Зергерлік өнер шеберлері бас жүлде - жүз мыӊ теӊгені сарапқа салады.

Қарағанды. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда 21-23 наурызда "Зергер" ашық байқауы өтеді. Зергерлік өнер шеберлері бас жүлде - жүз мыӊ теӊгені сарапқа салады. Қазылар алқасы қатысушылардыӊ жұмысын бағалап жатқанда, көрермендер сатып алуға болатын экспонаттар көрмесін тамашалайды.

Байқау номинациялары:

1. Классика. Дәстүрлі тәсілдер, асыл металлдар, табиғи асыл және жартылай асыл минералдар пайдаланылады.

2. Тарихи мұра. Ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар қабылданады. Белгілі музейлік даналардыӊ көшірмелері алынбайды - тек авторлық интерпретациялар ғана. Дәстүрлі тәсілдер мен материалдар пайдаланылады.

3. Заманауи дизайн. Жасау материалы мен технологиясы - қатысушыныӊ қарауына қарай.

4. Авторлыық көркемсурет қару - коллекциялық. Ұлттық нақыштағы бұйымдарды қабылдау. Белгілі музейлік даналардыӊ көшірмелері алынбайды - тек авторлық интерпретациялар ғана.

5. Ат әбзелдері мен бұйымдар. Дәстүрлі тәсілдер мен материалдар пайдаланылады.

6. Бедерлеу. Дәстүрлі тәсілдер мен материалдар, табиғи асыл және жартылай асыл минералдар пайдаланылады.

7. Тасты көркемдік өӊдеу. Табиғи ұсақ минералдар, табиғи асыл және жартылай асыл тастар пайдаланылады.

8. Зергерлік кәдесый өнімдері. Материал: металл қатысушыныӊ қарауына қарай. Дайындау технологиясы - қытайлық опоканы, құймаларды және олардыӊ бөліктерін пайдаланбай қатысушыныӊ қарауына қарай.

Сондай-ақ, көрермендер көзайымы сыйлығы табысталады.

Сонымен қатар, дизайнерлер байқауы ұйымдастырылады. Шара барысында ұлттық және түрлі заманауи стильдегі киімдер көрсетілімі өтеді.

Шара 21-23 наурызда Оӊтүстік-Шығыста Достық үйінде өтеді.

Қатысуға өтінімдер 20 наурызға дейін [email protected] немесе [email protected] мекенжайлары бойынша қабылданады.

Анықтама телефондары: (7212) 25 45 30, 8 702 757 23 03, 8 701 750 21 56.

Байқауды ұйымдастырушылар - "Шебер" сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігі және Қарағанды облысыныӊ әкімдігі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны