09.08.2011, 16:20 3105

Қарағандыда апатқа ұшыраған көлік өртеніп, екі адам мерт болды

"Бүгін түнде, сағат 1.35 шамасында гараждар массиві бойымен 1 кварталдан теміржолға қарай бағытта жылжып келе жатқан "Ауди-100" автокөлігінің жүргізушісі басқаруын жоғалтып, үлкен жылдамдықта жылу жолының бетон шығырына соғылды", - делінген хабарламада.

Қарағанды. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда апатқа ұшыраған көлік өртеніп, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағандыда жол-көлік оқиғасы кезінде екі адам тірідей автокөлік ішінде жанып кеткен. Бұл жөнінде "BNews.kz" АА тілшісіне Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінен хабарлаған.

"Бүгін түнде, сағат 1.35 шамасында гараждар массиві бойымен 1 кварталдан теміржолға қарай бағытта жылжып келе жатқан "Ауди-100" автокөлігінің жүргізушісі басқаруын жоғалтып, үлкен жылдамдықта жылу жолының бетон шығырына соғылды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатты соққыдан автокөлік отқа оранған. Екі адам оқиға орнында көз жұмды, 29 жасар бір азамат ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны