12.09.2008, 15:23 2975

Қарағандыда балалардың жаппай тамақтан улану оқиғасы болған мектептің екі аспазшысынан қантышқақ таяқшалары шықты

Қарағандыда балалардың жаппай тамақтан улану оқиғасы болған мектептің екі аспазшысынан қантышқақ таяқшалары шықты

Қарағанды. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда балалардың жаппай тамақтан улану оқиғасы болған №25 мектептің екі аспазшысынан "Зонна Шегеласы", яғни, дизентерия тудыратын қантышқақ таяқшалары шықты.

Бұл туралы Қарағанды Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім бастығы Қаламқас Баймұқанова Қазақстан Бүгін тілшісіне хабарлады.

"Ауруды асхана жұмысшыларының өздері таратқан. Олар ауру қоздырғышын азық-түлік өнімдеріне, есік тұтқаларына, асхана жабдықтары мен ыдыстарға жұқтырған, содан балалар ауру жұқтырып алған", - деді Қ. Баймұқанова.

Оның айтуынша, ауруханада жатқан жеті баланың үшеуінен де осындай таяқшалар табылды. Ал басқаларының қандарынан серологиялық талдау кезінде таяқшалар шыққан.

"Қазір асхана жұмысшылары емделіп жатыр. Оқу орнының асханасы жабылды", - деді Қ. Баймұқанова.

Қарағанды облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, №25 мектептің директорына 10 АЕК, тамақтандыру блогын жалға алушыға 30 АЕК, мектептің медициналық қызметкеріне 1 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны