10.03.2017, 18:22 5960

Қарағандыда Федоров су қоймасы ауданына қар шығарған мекемелер әкімшілік жауапкершілікке тартылмақшы

Қарағандыда Федоров су қоймасы ауданына қар шығарған мекемелер әкімшілік жауапкершілікке тартылмақшы

Қарағанды. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды қалалық коммуналдық қызметтер қыс бойы қала көшелерінде жиналған қарды Федоров су қоймасы ауданына шығарған. Табиғат қорғау прокуратурасы бұл жердіӊ келісілмегенін анықтады. Оныӊ үстіне заӊсыз жиналған қар көктемде қауіп төндіреді.

Тексеру көрсеткендей, қыс басталғалы 5 қаӊтарда "Абаттандыру" КМК және Саябақтар басқармасы саяжайларға апаратын жолға жаллпы ауданы 42 текше метр қар шығарған. Бұл жер Федоров су қоймасыныӊ су қорғау аймағымен шектеседі. Қар ери бастағанда жиналған батпақ су қоймасына түседі . Мұнымен қоса, саяжайларды, автомобиль жолдарын су басу, "Қарағанды Су" ЖШС авариялық коллекторларыныӊ бұзылу қаупі бар.

Тексеру нәтижесінде, прокуратура қар шығаруға болатын басқа орын белгілеу қажет деген шешім қабылдады. Ал су қоймасыныӊ жанында жиналған қарды жою керек. "Абаттандыру" КМК қызметкерлері және Саябақтар басқармасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны