14.04.2008, 19:25 3570

Қарағандыда "Грейс" шіркеуі мен облыстық салық комитеті соттасуда

Қарағандыда "Грейс" шіркеуі мен облыстық салық комитеті соттасуда

Қарағанды. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қарағанды қаласында "Грейс" шіркеуінің облыстық салық комитетін сотқа беруі бойынша алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бұл шіркеудің мүшелері өздерін мемлекеттен салық жасырды деп негізсіз айыптағанын айтып отыр. биылғы жылдың басында облыстық салық комитетінің қызметкерлері тексеру барысында пастордың әйелі Арина Кимнің есепшотынан 135 мың АҚШ долларын тапқан. Алынған табыс Қазақстан заңдары бойынша салық алуға жатқызылады. Салық мөлшері 2 млн теңге болуы керек.

Ал шіркеу өкілдері болса, жеке шоттағы ақша халықаралық ұйымдардың көрсеткен қайырымдылығы, ал қайырымдылыққа заң бойынша салық салынбайды деген уәж айтуда. Салық комитеті болса заңға сәйкес қайырымдылық көмегі жеке тұлғаның есепшотына емес, ұйымға аударылуы тиіс деп мәлімдеп отыр.

Осыдан бірнеше ай бұрын "Грейс" шіркеуінің дін кызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен дау-жанжалға барған. Ол кезде арнайы қызмет орны миссионерлерді тыңшылыққа және психотроптық заттар сақтауға күдікті ретінде санаған еді. Сондай-ақ, "Грейс" шіркеуін келушілердің мүлкін заңсыз тәркіледі деп те айыптаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны