01.12.2009, 17:35 4527

Қарағандыда қалалық білім беру бөлімі өзі иемденіп отырған балабақша ғимаратын босататын болды

Қарағандыда қалалық білім беру бөлімі өзі иемденіп отырған балабақша ғимаратын босататын болды

Қарағанды. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағандыда қалалық білім беру бөлімі өзі иемденіп отырған балабақша ғимаратын босататын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағанды облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Дулат Жекебаевқа сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауды бңз өзімізден бастадық, сөйтіп, қалалық білім беру бөлімі өзі иемденіп отырған балабақша ғимаратын босататын болды", - деді Д. Жекебаев.

Сонымен бірге оның айтуынша, "қазір бос тұрған және жеке меншіктегі балабақша ғимараттарын коммуналдық меншікке қайтару мәселесі пысықталуда".

Облыстық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, кейінгі екі жылда облыста 10 жаңа балабақша ашылып, 30 мекеме жөндеуден өткізілді.

Қазір Қарағанды облысында 164 балабақша мен 216 шағын орталық жұмыс істейді. Облыста 37 мыңнан астам бала балабақшаларға барады. Тағы да 54 664 бала (68,7%) балабақшаға мұқтаж.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны