14.10.2008, 10:51 1801

Қарағандыда "Қазақмыс" корпорациясының шахтасында іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды

Қарағандыда "Қазақмыс" корпорациясының шахтасында іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында "Қазақмыс" корпорациясының шахтасында іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі жағдаймен қаза тапқандардың мәйіттері Жезқазған қаласының сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды ", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлоағанымыздай, "Қазақмыс" корпорациясының "Жезқазғантүстіметалл" өндірістік кәсіпорнының №65 Оңтүстік кенішіндегі шахтада 12 қазанда сағат 23.00-де "65-басты" бағаны бойынша (тереңдігі 550м, диаметрі 8м) 140 м төменнен жер бетіне жұмысшы ауысымының көтерілуі кезінде 196 м белгісінде қорғаныс құралы іске қосылған. Клетьте 21 адамның орнында 39 адам болған. Шахта клеті тоқтаған кезде 6 жұмысшы бағанға құлап қаза болған.

Сонымен бірге, бес кенші түрлі дәрежеде жарақаттанды, олардың екеуі Оңтүстік Жезқазған кен орнының медициналық бөлімшесіне жатқызылды. Үш адам дәрігерлік көмектен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.

ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиғаның себептерін анықтау және оның зардаптарын жою үшін оқиға орнына ҚР ТЖМ вице-министрі, генерал-майор Валерий Петров басқарған топ келді.

Қаза тапқандардың тізімі :

1. А. Ибжәлелов, 1988 жылы туған, - бұрғылаушының көмекшісі.

2. А. Чуравин, 1957 жылы туған, - жер асты кеншісі.

3. К. Құрманов, 1970 жылы туған, - жер асты кеншісі.

4. Б. Отарбаев, 1983 жылы туған, - жер астындағы бұрғылаушы.

5. Б. Ералиев, 1964 жылы туған, - машинист ПСМ.

6. С. Тұрсынбаев, 1963 жылы туған, - жер астындағы электровоз машинисі .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны