13.02.2008, 17:17 3812

Қарағандыда Қазақстан бойынша бірінші "Қан қоймасы" құрылды

Қарағандыда Қазақстан бойынша бірінші "Қан қоймасы" құрылды

Қарағанды. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қарағандыдағы қан ауыстьыру орталығында Қазақстан бойынша бірінші "Қан қоймасы" - қан клеткаларын ұзақ мерзімді сақтау және плазма карантині бөлімі ашылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыс әкімі Нұрлан Нығматулин хабарлады.

Жаңа бөлімнің құрамында ақпараттық орталық, криоқойма, төмен температуралы камералардың машиналы бөлімі мен плазманы карантиндеу камералары бар.

Криоқоймада қанның сирек кездесетін түрлерінің құрамды бөлшектерін (эритроциттерін) антигендік құрамына қарай және түрлі антигендерді ұзақ мерзімді сақтауға арналған.

Плазманы карантиндеу камераларының жалпы көлемі 6090 литр қан сақтауға лайық, ол мұздатылған плазманың 24,5 мың дозасына тең. Бұл облысты толық қамтамасыз етуге жетеді.

"Былтыр біз жергілікті бюджеттен 143 млн теңгені тауып, заманауи жабдықтар сатып алдық. Ал бүгін еліміз бойынша бірінші қан қоймасы ашылып отыр, ол донор қаны мен оның құрамды бөлшектері арқылы жұқпалы аурулардың таралуын мүлдем тыюға жол ашады. Ал биыл Қарағандыда жаңа облыстық қан орталығының құрылысы салына бастайды", - деді Н. Нығматулин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны