07.04.2008, 16:33 3854

Қарағандыда Қазыбек би ауданының әкімі тағайындалды

Қарағандыда Қазыбек би ауданының әкімі тағайындалды

Қарағанды. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қарағанды облысының әкімі Қазақстан Республикасының президент әкімшілігі мен Қарағанды қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Ерғали Егембердіні Қазыбек би ауданының әкіміне тағайындады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Аудан әкімі болардан бұрын Е. Егемберді Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген.

Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллинның хабарлауынша Е. Егемберді бұрын қаржы басқармасының заңгері, Астана әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы, "Астана - жаңа қала" еркін экономикалық зонасының бас дирекциясының мониторинг және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Астана базарларында сауда ұйымдастыру және бір реткі талондарды беру басқармасы бастығының міндетін атқарушы, Көлік және коммуникация министрлігінің заң және кадр қызметі бөлімінің басшысы, Алматыдағы "АФДАН" ААҚ қаржы және кадр мәселелері жөніндегі вице-президенті, тұрғын үй департаменті басшысының міндетін атқарушы, Астана қаласының Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары қызметтерінде болған. "Ерғали Егембердінің өңірлік, қалалық және аудандық деңгейлерде жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар. Ол аудан әкімінің алдында тұрған мәселелердің шешілуін қамтамасыз ететініне сенімдімін", - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі.

Е. Егемберді 1977 жылы туған. Үш жоғары білімі бар. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Еуразия университеті мен Дипломатиялық академияны тәмамдаған.

Өз кезегінде Қазыбек би ауданының бұрынғы әкімі Абайділдә Санаубаров сырқатынан кейін қызметінен босату туралы арыз берген Қазбек Айтжановтың орынына облыстық құрылыс басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны