13.08.2015, 15:09 3600

Қарағандыда "Құқықбұзушылықтар мен тәртіпсіздіктерге "мүлдем төзбеушілік" кеӊ ауқымды акциясы өтті

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызмет көрсету аумағында "Құқықбұзушылықтар мен тәртіпсіздіктерге "мүлдем төзбеушілік" кеӊ ауқымды акциясы өтті

Астана. 13 Тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызмет көрсету аумағында "Құқықбұзушылықтар мен тәртіпсіздіктерге "мүлдем төзбеушілік" кеӊ ауқымды акциясы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған жедел профилактикалық шараға Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ-ныӊ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, "Нұр Отан" ХДП өкілдері мен прокуратура қызметкерлері қатысты.

Акция аясында 29 құқықбұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардыӊ ішінде, ИҚБ туралы ҚРК 434 бабы бойынша (ұсақ құқық бұзушылық) - 2, ИҚБ туралы ҚРК 440 бабы 1 б. бойынша (ішімдік ішу) - 3, ИҚБ туралы ҚРК 441бабы 1 б. бойынша (темекі шегуге тиым салуды бұзу) -2, ИҚБ туралы ҚРК 204 бабы бойынша (белгіленбеген орындарда сауда жасау) - 1, ИҚБ туралы ҚРК 559 бабы 5 б. бойынша (темір жол бойындағы белгіленбеген жерлерден өту) -21.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесе отырып, алдағы уақытта да барлық теміржолға жақын орналасқан қала мектептерінде оқушылар үшін құқықтық тақырып бойынша әӊгіме, дәріс және дөӊгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отыр.

Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны