03.04.2017, 19:09 5417

Қарағандыда жаӊа мектеп ашылды

Жалпы 1200 адамға есептелген жаӊа №102 мектеп Шахтерлар даӊғылында орналасқан.

Қарағанды. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Жалпы 1200 адамға есептелген жаӊа №102 мектеп Шахтерлар даӊғылында орналасқан.

Дүйсенбіден бастап онда төменгі сыныптарда 600-ден аса оқушы білім ала бастады. Ал 5-11 сынып оқушылары үшін гимназия бірінші қыркүйекте есігін айқара ашады. Оқушылар жақын орналасқан №23 және 101 мектептерден ауыстырылады.

Жаӊа мектепте балаларға қолайлы жағдай жасалған - үлкен атриумныӊ төбесі шыны күмбез, іргелерінде әдемі панно.

Мектеп алты блоктан тұрады. Төменгі сынып оқушылары бір қанаттағы үш қабатта оқиды. Ирқайсысында жеке шкафтар мен демалуға арналған орын (диван мен ойыншықтар) бар.

Екінші блокта - асхана мен спорт зал (душ пен шешінетін орындар).

Үшінші блокта - 670 адамға есептелген акт залы. Салыстырып көрсек, Кеншілер мәдениет үйінде балкондарды қоса есептегенде 620 орын ғана. Мектептіӊ ашылуына қатысқан Қарағанды әкімі Нұрлан Иубәкіров жаӊа мектептіӊ залында тамыз кеӊесін өткізуді ұсынды.

Қалған блоктарда сыныптар, мектеп әкімшілігініӊ кабинеттері мен шаруашылық орынжайлар орналасқан.

№102 мектеп-гимназиясындағы барлық жабдықтар жаӊа: ұлдарға арналған жону және слесірлік станоктар, қыздарға арналған тігін машиналары, кітапханадағы компьютерлік зал үздік техникамен жабдықталған. Мектептіӊ ашылуына орай Нұрлан Иубәкіров он интерактивті тақта тарту етті.

Жаӊа мектеп жаӊаша оқытатын болады.

- Бізде жалпы білім беретін және гимназиялық сыныптар болады.

мектеп директоры Айман Мусина.

- Гимназиялық білім беру бесінші сыныптан басталады, - дейді мектеп директоры Айман Мусина. - Балаларды көреміз, содан кейін ата-аналарыныӊ келісімімен оларды профильді сыныптарға бөлеміз: біреулер гуманитарлық, басқалары жаратылыстану- математика бағытында оқиды. Білім беруге инновациялық тұрғыдан қараймыз, оқушыларымызды қызықтыруға тырысамыз.

Бүгінде мектепте 24 педагог жұмыс істейді. Жазда штат ұлғаяды - жоғары сыныптарға оқытушылар қажет. Алдағы уақытта мектепте робототехника курсы іске қосылмақ. Қазір ғимаратта 4 информатика кабинеті бар.

Мектеп жанынан спорттық секциялар, хореография және сәндік-қолданбалы өнер үйірмелері ашылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны