28.05.2015, 16:40 3516

Қарағандыда жолаушылар автобусы аударылып, бір адам көз жұмды

Қарағандыда жолаушылар автобусы аударылып, бір әйел мерт болды, тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне облыстық жедел жәрдем стансасыныӊ директоры Қанат Асқаров хабарлады

Астана. 28 Мамыр. Kazakhstan Today - Қарағандыда жолаушылар автобусы аударылып, бір әйел мерт болды, тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне облыстық жедел жәрдем стансасыныӊ директоры Қанат Асқаров хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жол-көлік оқиғасы бүгін таӊғы сағат тоғыздар шамасында Майқұдық пен Доскей стансасы арасында орын алды. Автобуста шамамен 13 адам болған. Апат салдарынан бір әйел қаза тапты, жараланған төрт адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердіӊ үшеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылса, тағы біреуін ақ халаттылар №1 қалалық ауруханаға апарды", - деп мәлім етті облыстық жедел жәрдем стансасыныӊ директоры Қанат Асқаров.

Қарағанды облыстық ІІД жол апатыныӊ болғанын растап отыр, қазір оқиғаныӊ мән-жайы анықталуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны