10.03.2017, 18:24 6093

Қарағандылық бірінші топтағы мүгедек жан төрт жылдан бері жұмыс таба алмағанын әкімге жеткізді

Қарағандылық бірінші топтағы мүгедек жан төрт жылдан бері жұмыс таба алмағанын әкімге жеткізді

Қарағанды. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін "Рахмет" қоғамдық бірлестігініӊ және мүгедектерге көмек көрсету орталығыныӊ төрағасы Нұрғали Жүнісбеков Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібековтан көмек сұрады.

- Мен бірінші топтағы мүгедекпін, - деді ол. - Көп уақыт бойы жүре алмай, жатып қалдым. Өндірісте, шахтада жарақат алғам. Кейіннен денсаулығым қалпына келе бастады. Мен қозғаламын, бірақ мүгедектігім бар. Төрт жыл бойы жұмыс іздедім. Ешкім алмайды, мен сияқтыларға жұмыс істеуге болмайды. Содан кейін біз бірлестік құрдық, басты мақсатымыз - мүгедектерді жұмысқа орналастыру.

Қоғамдық бірлестік шығаратын газетте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мақалалар мен нұсқаулықтар жарияланады. Басылым жарнама берушілердіӊ қаржысына шығарылады, бұл айына екі рет мыӊ данасын басып шығаруға ғана жетеді.

Қалған ақша басылымды таратушы үш мүгедекке еӊбекақы ретінде төленеді.

- Егер тиражды 10 000 данаға дейін ұлғайтсақ, жарнама берушілер көп болатын еді, - дейді Нұрғали Серікұлы. - Сонда газет таратуға аз ақшамен көп адам қабылдайтын едік. Ірі сауда орталықтарымен сөйлестік, олар орындар бөліп, үстелдер қоюға дайын. Осылайша, арбамен жүретіндер де жұмыс істей алады.

Есептеулер бойынша, газеттіӊ тиражын көбейту үшін үш миллион теӊге қажет. Бірлестік төрағасы бұл ақшаны облыс басшысынан сұрап отыр. Нұрмұхамбет Ибдібеков қаржыландыру мәселесін шешуге уәде берді: "Үш миллион табамыз. Бұл жақсы іс".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны