07.09.2017, 20:48 3784

Қарағандылықтар ЭКСПО-ға ән арнады

Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ аумағында өткен қарағандылықтардыӊ гала-концертінде екі әнніӊ тұсаукесері болды. Туындылар ЭКСПО-ға және Астанаға арналған.

Қарағанды. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ аумағында өткен қарағандылықтардыӊ гала-концертінде екі әнніӊ тұсаукесері болды. Туындылар ЭКСПО-ға және Астанаға арналған.

- "ЭКСПО Астана" әнініӊ тұсаукесерін біз өзіміздіӊ көрнекті жетістіктерімізге арнадық. Қарағанды облысы осы Мәдениет күндерін көрменіӊ жабылуы қарсаӊында өткізіп отыр. Қорытындылар әлі жасалады, алайда қазірдіӊ өзінде Қазақстан әлемдік деӊгейдегі оқиғаны абыроймен өткізгені көрініп тұр. Еліміз тағы бір мәрте бізге жүктелген кез-келген міндеттерді орындауға қауқарлы екенімізді дәлелдедік, - деді қарағандылық Марат Бекішев.

Гала-концертте ол жаӊа әнді танымал жерлесі Болат Құсайыновпен бірге орындады. Инніӊ сөзін жазғандар - М.Сүтішев пен А. Мырзахмет.

ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері Ерлан Көкеев те ЭКСПО Амфитеатрыныӊ сахнасына жаӊа әнмен шықты. "К-7" тобымен бірге ол алғаш рет "Еуразия жүрегі" атты әнді орындады. Оныӊ шумақтары үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған.

"Еуропа мен Азия арасында жіӊішке жіп бар. Бізге сол жерде туу бақыты бұйырған", - бұл әнніӊ басты сөздері.

- Маған бүгін өз жерлестеріммен бір сахнада өнер көрсету бақытпен теӊ. Мен - қарағандылықпын, оны мақтан етемін. Қарағанды әрдайым меніӊ жүрегімде, - деп өз туған жеріне деген махаббатын білдірді Ерлан Көкеев.

Осыған дейін мәлімделгендей, Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Қарағанды облысыныӊ Мәдениет күндері шеӊберінде "Сарыарқа алтын тұғырым" атты гала-концерт өтті. Амфитеатр сахнасында аймағымыздыӊ үздік өнер майталмандары мен Қазақстан эстрадасыныӊ жұлдыздары - қарағандылықтар өнер көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны