05.12.2011, 14:02 3861

Қараша айында Алматы ауасының ластану деңгейі төмендеген

РМК "Қазгидрометтің" "Гидрометеорологиялық мониторингі орталығы" РМД мәліметтерінше атмосфералық ауаның ластану деңгейі 2011 жылғы қарашада 7,8 бірлік болды, ол 2010 жылғы осындай аралықтағыдан 3,9 бірлікке төмен", - делінген хабарда.

Алматы. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қараша айында Алматы ауасының ластану деңгейі төмендеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда атмосфераның ластану индексінің деңгейі төмендеген. Бұл туралы Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

РМК "Қазгидрометтің" "Гидрометеорологиялық мониторингі орталығы" РМД мәліметтерінше атмосфералық ауаның ластану деңгейі 2011 жылғы қарашада 7,8 бірлік болды, ол 2010 жылғы осындай аралықтағыдан 3,9 бірлікке төмен", - делінген хабарда.

Ақпараттық-релизде айтылғандай, көрсеткіштің төмендеу себебі жеке меншік сектор мен кәсіпорындарды газдандыру, автокөлік пайдаланатын кәсіпорындарды мақсатты түрде тексеру, сондай-ақ отын сапасын тексеру т.б. кешенді шаралар арқасында мүмкін болды.

"Атмосфералық ауаның ластануын тексеру қаланың әр түрлі әкімшілік аудандарында орналасқан бес стационарлық постыда жүргізілді. Қаланың аудандарында барлық жерлердегі ауа ластану көрсеткіштері төмендеп отыр", - делінген хабарда.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, атомсфераның ластану деңгейі қауіптілік сыныбын ескере отырып, шекті концентрацияға мейлінше нормаланған бес зат (күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот диоксиді, фенол, формальдегид) бойынша есептелетін атмосфера ластығының кешенді индексі мөлшерімен бағаланады.

"АЛИ мәніне қарай (АЛИ - атмосфераның ластану индексі - ҚазТАГ), ауаның ластану деңгейі келесі жолмен айқындалады: төмен - 5-ке тең немесе одан аз, көтеріңкі - 5-7, жоғарғы - 7-14, өте жоғары - 14-ке тең не одан да артық", - делінген ақпараттық баянда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны