31.05.2007, 11:36 6888

"Караван" басылымы соттан газетті шығаруға салынған тыйымды алып тастауды сұрады

"Караван" басылымы соттан газетті шығаруға салынған тыйымды алып тастауды сұрады

АЛМАТЫ. 31-мамыр. Kazakhstan Today. "Караван" басылымының өкілдері кеше Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына прокуратураның 24-мамырдан бастап газетті шығаруға тыйым салу туралы прокуратура шағымын қамтамасыз ету шарасын алып тастау туралы өтініш берді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне "Алма-Медиа" баспа үйінің заң жөніндегі аға кеңесшісі Светлана Шамычкова хабарлады.

Оның айтуынша, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы кеше Бостандық аудандық прокуратурасының шағымы бойынша сот талқысына дайындалып жатқанын хабарлап, "Алма-Медиа" баспа үйінің өкілдерінен шағымды қамтамасыз ету шарасын алып тастау жөніндегі өтінішті қабылдады. Сот өтінішті бүгін қарайды.

Заң жөніндегі кеңесішінің айтуынша, "прокуратура газеттінің іс-қызметін тоқтата тұру туралы шағымында "Нұрбанкке" қатысты іс бойынша ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 205-бабы мен басқа да заңмен қорғалатын құпияны бұзғандығын алға артуда".

Сонымен бірге "Алма-Медиа" баспа үйінің өкілдері сот мәжілісінің ашық өткізілуін сұрады. "Судья тыңдау ашық өтеді деп сендірді",- деді С.Шамычкова. Алайда, прокурордың шағымы бойынша сот тыңдауының дәл қашан басталатыны белгісіз.

Бұрын хабарлағанымыздай, Бостандық аудандық прокуроры Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 2007-жылдың 24-мамырынан бастап "Караван" газетін шығаруды үш айға тоқтата тұруды талап етіп шағым түсірген. Сот прокурордың шағымын қамтамасыз ету шарасы туралы шағымды сол күні қанағаттандырып, "Караван" газетін шығаруды кезекті сан шығар алдында тоқтатты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны