08.04.2013, 10:26 4141

Қарыздарынан құтылмақ болған астаналық азамат өзінің ұрланғанын айтқан

"2013 жылғы қаңтарда А.Едгиннің жұбайы полицейлерге күйеуінің жоғалып кеткендігі туралы арыз жазды. Ийелінің айтуынша, Азамат таңертең жұмысына шығып, үйіне қайтып келмеген, телефон қоңырауларына жауап бермеген", - делінген ақпаратта.

Астана. 8-сәуір. Kazakhstan Today - Қарыздарынан құтылмақ болған астаналық азамат өзінің ұрланғанын айтқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астаналық полицейлер жасырынып жүрген 25 жасар Астана тұрғыны Азамат Едгиннің қайда екенін анықтады. Ол екі айдан астам уақыт бойы із-түссіз жоғалғандар қатарында болған, деп хабарлады астаналық ІІД-нің баспасөз қызметі.

"2013 жылғы қаңтарда А.Едгиннің жұбайы полицейлерге күйеуінің жоғалып кеткендігі туралы арыз жазды. Ийелінің айтуынша, Азамат таңертең жұмысына шығып, үйіне қайтып келмеген, телефон қоңырауларына жауап бермеген", - делінген ақпаратта.

Із-түссіз жоғалған Азамат Едгин жаппай іздестірілді.

"А.Едгин алғашқы берген жауабында осынша уақыт бойы ақша талап еткен адам ұрлаушыларда болғанын айтты. Одан кейін жауабын өзгертіп, қарыздарынан құтылу үшін өзінің 80 күн бойы жасырынғанын айтты. Бастапқыда пәтер жалдап тұрған ол ақшасы біткеннен кейін саяжайлар мен үй жертөлелерін паналаған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны