18.04.2007, 10:15 1775

Каспийде қырылған итбалықтардың саны 491-ге жетті

АҚТАУ. 18-сәуір. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында Каспийдің жағалауында қырылған итбалықтардың саны арта түсуде. 17-сәуір күнгі 18 сағаттағы жағдаймен қырылған итбалықтардың саны 491-ге жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, қырылған итбалықтардың 430-ы төлдер, 61-і - ересек итбалықтар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР білім және ғылым министрлігінің Ұлттық биотехнология орталығының биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында жүргізілген тексерулердің нәтижесінде жануарлардың өлімтігінен етқоректілер обасының вирусы табылған.

Өлген итбалықтардың алғашқы бөлігі 30-наурызда Қаламқас және Қаражанбас кеніштері маңындағы Қаламқас бөгетінің маңында табылған.

Қазір Қаламқас кенішіндегі бөгетте және сол маңайда теңіздегі Бұзашы балық инспекциясының мамандары тәулік бойы кезекшілік жасап жатса, "Қаражанбасмұнай" ААҚ мен "Манғыстаумұнайгаз" ААҚ күштері жағалауда бақылау жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны