20.04.2007, 09:59 2881

Каспийдегі өлген итбалықтардың саны күннен күнге өсуде

АСТАНА. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Каспийдегі өлген итбалықтардың саны күн санап өсуде өсуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ИБейсенбінің 18.00 жағдаймен өлген итбалықтардың саны 546-ға жеткен, олардың 469 итбалықтардың төлдері, ал қалған 77-і ересек итбалықтарИ,- деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Тек өткен тәулікте жағалаудан 16 өлі итбалық табылған.

Естеріңізге сала кетейік, итбалықтардың өліктері бірінші рет Қаламқас және Қаражанбас кеніштерінің маңындағы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауынан 30-наурызда табылған болатын. Теңіз жануарларының жаппай қырылуының себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылған болатын.

Алдын-ала берілген мәліметтер бойынша, Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылуы ауа райының қолайсыздығынан болған: қыстың өте жылы болуы Солтүстік-Шығыс Каспийдің басым бөлігінің бетіне мұздың қатуына мүмкіндік бермеген, бұл итбалықтардың күшіктеу кезінде келеңсіздік тудырады. Сонымен қатар, Биологиялық қауіпсіздік пробламаларын ғылыми-зерттеу институтының жүргізген зерттеулері жануарлардың өлігінен етқоректілердің оба қоздырғышын тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны