01.02.2012, 10:46 3146

Қатты аязға байланысты еліміздің бірқатар аймақтарындағы республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысына шектеу қойылды

2012 жылғы 1 ақпан күнгі сағат 11.00-дегі ақпарат бойынша ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда көлік қатынасына шектеу қойылды.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Қатты аязға байланысты еліміздің бірқатар аймақтарындағы республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2012 жылғы 1 ақпан күнгі сағат 11.00-дегі ақпарат бойынша ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда көлік қатынасына шектеу қойылды. Атап айтқанда, Ақмола облысы бойынша:

Ақмола облысында барлық бағыттарда - жолаушы және дизельді автокөліктер үшін; "Астана - Ерейментау - Шідерті" автожолының Ерейментау - Павлодар облысының шекарасы (159 - 205 шақырым) учаскесінде - автокөліктің барлық түрлері үшін; "Астана - Щучьек" автожолында - жолаушы және дизельді автокөліктер үшін;

Ақтөбе облысы бойынша: "Самара - Шымкент" (753-1240 шақырым) автожолында - жолаушы және дизельді автокөліктер үшін; "Карабутак - Костанай" (0-231 шақырым) автожолында - жолаушы және дизельді автокөліктер үшін; "Ақтөбе - Орск" (15-135 шақырым) автожолында - жолаушы және дизельді автокөліктер үшін;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша: "Омбы - Майқапшағай" автожолының Семей - Павлодар облысының шекарасы (733-587 шақырым) учаскесінде - автокөліктің барлық түрлері үшін;

Қарағанды облысы бойынша: "Қызылорда - Павлодар" автожолының Молодежный ауылы - Павлодар облысының шекарасы (1066-1135 шақырым) учаскесінде - автокөліктің барлық түрлері үшін;

Павлодар облысы бойынша: Павлодар қаласынан барлық бағыттарда - автокөліктің барлық түрлері үшін;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттарда - жолаушы және дизельді автокөліктер үшін.

Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн, деп ескертеді ҚР Көлік және коммуникация министрлігі.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің "Қазақавтожол" РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны